Биыл 300 мыңға жуық колледж студентінің стипендиясы тағы 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен еді.
«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», — деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов.
Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қазір еліміздегі колледждерде 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік білім алып жатыр.
Тағы оқыңыз: Сақтаған Сәдуақасов Қызылжар ауданының әкімі болды