Қазақстанда бірқатар шай атауларының әкелінуі мен сатылуына уақытша тыйым салынды. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданды, деп жазады Qazaqstan Media.

Бақылау мақсатында жүргізілген сатып алу мен сараптама нәтижесінде кейбір қара шайлардың құрамында тағамдық бояғыштар — сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124) анықталған. Аталған қоспаларды шай өнімінде қолдануға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, тексеру барысында шай қаптамаларында өндіріс пен қаптау орнына қатысты расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені белгілі болды. Бұл өнім өндіруге және сатуға рұқсат құжаттарының жоқ екенін аңғартады.

Осыған байланысты келесі қара шай түрлерін Қазақстан аумағына әкелуге және сатуға тыйым салынды:

• «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat Gold», «БАЛҚИЯ Premium gold»;

• «Sultan Suleyman», «Pakistan tea» ;

• «БАЛҚИЯ Premium gold»;

• «Aje Onim» ;

• «Al-Hayat Gold»;

• «Al-Jannat Premium» ;

• «Alfarah».

Санитариялық қызмет өкілдері тұрғындарды аталған шай түрлерін сатып алмауға және өнім таңдау кезінде оның құрамы мен қаптамадағы ақпаратқа мұқият болуға шақырады.

Тағы оқыңыз: Президент жаңа Салық кодексінің негізгі қағидаттарын түсіндірді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *