Қазақстанда кей мектептерде химия, биология және физика пәндері болмайды. Оның орнына үш пәннің қосындысы ретінде жаратылыстану пәні болады. Сонымен қатар, алгебра мен геометрияның орнына математика болады, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп пәндерін біріктіру туралы ұсынысқа қатысты түсініктеме берді. Бұл мәселе былтырдан бері көтеріліп келді. Алгебра мен геомтерияны біріктіруге, химия, билогия және физиканы біріктіру керектігі айтылған.
Пәндерді біріктіру мәселесі қоғамда, әсіресе педагогтар арасында көптеген сұрақ туғызып отыр. Оның ішінде пәндер қысқарса, мұғалімдер қысқартуға ілікпейді ма?-деген сұрақ туындайды.
«Мұғалімдер жұмыссыз қалмайды. Жоба енгізу барысында барлық мәселе жан-жақты қаралады. Міндетті түрде талқыланып барып жасалады», – деп түйіндеді министр.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, пилоттық жоба 20 өңірдегі таңдалған мектептерде жүзеге асырылады. Тізім бекітілген соң жарияланады.
«Алгебра мен геометрияға қатысты әріптестерімізден көп сұрақ болды. Кейін пәндерді біріктіру ұсынысы көтерілді. Мұндай тәжірибе әлемде бұрыннан бар. Сондықтан сарапшылардың ұсынысымен пилоттық деңгейде енгізуді жоспарлап отырмыз. Егер бұл өз нәтижесін бермесе, бұрынғы жүйе сақталады», – деді министр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да полицей суға батып бара жатқан әке мен баланы құтқарды