Ұлттық банк ҚР Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлем қабілеттілігін айқындады. Аталмыш қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулы 30 шілдеден күшіне енеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Құжатқа сәйкес келесідей зақымданған банкноттар ескі банкнот болып саналады:
- бояғыш зат төгілген;
- бөтен жазулары бар, соның ішінде: ультракүлгін сәуледе көрінетін арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;
- машинада оқылатын белгілері бар;
- желімделген немесе бір банкнотқа жататын желімделмеген бөліктері, ҰБ белгілеген банкнот мөлшерінің кемінде 70 %-ын құрайтын жыртылған банкноттар;
- бұрышынан немесе шетінен банкноттың жалпы көлемінің 1%-дан астамы жоғалған;
- жыртылған, мөлдір таспамен желімделген банкноттар;
- өтелгенін куәландыратын жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан да көп миллиметр тесіктері немесе саңылаулары бар банкноттар;
- банкноттың суретін жоғалтатын сызаттардың болуы;
- банкнот суретінің көрінбеуіне әкелетін алдыңғы немесе артқы беті ластанған банкноттар;
- ластану дегеніміз — шаң, кір, май және басқа ластаушы заттардың болуына байланысты банкноттың бетінің қараңғылануымен сипатталатын банкноттың жағдайы;
- қағазы қаттылығын жоғалтқан банкноттар;
- банкноттарды сақтауға және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда қолданылатын арнайы бояулармен боялған;
- Ұлттық банк белгілеген мөлшерден 50% және одан да көп пайызын жоғалтқан банкноттар, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «МУЛЯЖ» деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқа банкноттардың фрагменттері бар және тілімдері бар банкноттар төлемге жарамсыз.
Тағы оқыңыз: СҚО-да қыз зорлады деген күдікті бостандықта жүр