Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі. Мақсаты – cтуденттің қоғамдық өміріне және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа балл енгізу, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жобаға студенттің оқу жетістіктерімен қатар әлеуметтік, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын ескеретін әділ әрі объективті бағалау жүйесін құру туралы жаңа норма енгізілген.

Сонымен қатар түзетулерге сәйкес, білім беру гранты негізінде оқып жатқан студенттің академиялық қарызы болған жағдайда оны басқа жоғары оқу орнына ауыстыруға жол берілмейді.

Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты нормаларды енгізу де жоспарланып отыр.

«Бұйрық жобасының мақсаты – cтуденттің қоғамдық өміріне және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа балл енгізу. Студенттердің академиялық жетістіктерінен басқа әлеуметтік белсенділік, зерттеу дағдылары, өңірлік, республикалық деңгейдегі еріктілер қозғалысына қатысу ескеріледі»,- деп жазылған құжатта.

Жоба 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Тағы оқыңыз: Наталья Богданова — әлем чемпионы!

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *