Қазақстанда еңбек шартына eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қол қоюға болады

ЕGov mobile мобильді қосымшасында тағы бір қызмет  қол жетімді болды.  Енді пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде емес, смартфонның көмегімен де  қол қоя алады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электронды еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмысшыға келісуге жолдайды. Жұмысшы шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді.

«Жұмысшы өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмысшы еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Жүйе http://hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электронды еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды», – деп жазылған хабарламада.

Жүйе қол қойылған электронды еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда 20 жастағы жігіт суға батып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x