Парламент депутаттары демалысқа шығып, Қазақстанның өңірлерін аралауға аттанады, деп хабарлайды  Qazaqstan Media.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясының жұмысын қорытындылады. Ол үкімет мүшелеріне, сенат пен мәжіліс аппараттары қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін ризашылығын айтты.

«Азаматтық қоғам мен сарапшылар қатарындағы серіктестерге де алғысымыз шексіз. Сондай-ақ жұмысымызды жоғары деңгейде жариялап көрсеткен баспасөз өкілдеріне рақмет айтамыз. Депутаттар енді өз жұмысын өңірлерде жалғастырып, қабылданған заңдардың мән-жайын жұртшылыққа түсіндіріп, проблемалармен жақынырақ танысады. Мұның бәрі біздің жаңа саяси маусымдағы жұмысымызға сақадай сай болуымызға септігін тигізеді деп ойлаймын», — деді ол.

Үшінші сессия барысында парламент палаталарының үш бірлескен отырысы, сенат пен мәжілістің 39 жалпы отырысы өткен. Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болған. Оның ішінде 89 заң қабылданды.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжін 300-ден астам жас тәмамдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *