Қазақстанда бір жылдың ішінде бір млн-ға жуық адам ЖИ бойынша оқытудан өтті. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында жасанды интеллект саласында мамандарды жүйелі даярлау қажеттігін және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы міндеттерді іске асыру аясында елімізде 5 жылдық оқыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн-ға жуық адам аталған бағыт бойынша білім алып, базалық және қолданбалы құзыреттерді меңгерген.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады. Сандарға қарап, отандастарымыздың аталған салаға деген қызығушылығы жоғары екенін көре аламыз.

«Басты мақсат — IT-технологияларды баршаға қолжетімді ету. Сонымен қатар, әр салаға жасанды интеллектіні енгізу. Осы бағытта жүйелі жұмыс атқарсақ, жаһандық бәсеке қабілетті бола аламыз. Алдымен ұстаздарға барынша қолдау көрсетіп, жасөспірімдерді салаға тарту қажет», — деп хабарлады ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Тағы оқыңыз: Қытайлық компания СҚО-да технопарк ашуды жоспарлап отыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *