Қазақстанда 2025 жылғы 20 наурыз сағат 23:00-ден 21 наурыз сағат 08:00-ге дейін бірқатар мемлекеттік электрондық сервистер уақытша қолжетімсіз болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.
Бұл шектеулер жоспарлы техникалық жұмыстармен байланысты. Компания қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жаңарту және оңтайландыру жұмыстарын жүргізеді.
«Техникалық жұмыстар пайдаланушылардың белсенділігі ең төмен уақыт аралығында – түнгі уақытта жүргізіледі. Бұл қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Аталған мерзімде келесі мемлекеттік электрондық сервистер уақытша жұмыс істемейді:
eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы;
e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервистері;
«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін басқа да цифрлық жобалар;
Осыған байланысты азаматтарға мемлекеттік сервистерді алдын ала пайдаланып, қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеуге кеңес беріледі.
Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының кіреберісіне Ботай мәдениетіне арналған монумент орнатылады