2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізбесінің жаңа редакциясын бекітті, деп жазады Qazaqstan Media.
Еліміздегі кәсіби мерекелер тізімі бес мерекемен толықтырылды. Оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітіп, жариялады. Сонымен Қазақстанда 7 шілде — қолөнершілер күні. Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде. Ал, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерілеі мерекелерін 15 қыркүйекте атап өтеді. Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан, Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан.
Сондай-ақ, Энергетиктер күнін атап өту күні желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертілді.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов қызметінен кетті