Бірінші кредиттік бюро шілде айында баспана нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті

Бірінші кредиттік бюро шілде айында баспана нарығында бағалар қалай өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақпаратқа сүйенсек,  үй бағасы арзандап келеді. Алдыңғы айдағы көрсеткішке қарағанда, бір шаршы метрдің құны 1,7 пайызға төмендеп, 494,4 мың теңгені құрады.

Мұндай жағдай 2015 жылдан бері алғаш байқалып отыр.

«Жалпы көрсеткіштің динамикасына негізгі үлесті 5 ірі қала қосты. Астанада екінші нарықтағы үйлердің бағасы едәуір төмендеп жатыр (-3,4%). Сонымен қатар Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанай (-1%) қалаларында да едәуір түсті. Ал Өскеменде бұл көрсеткіш (-0,5%) айтарлықтай жоғары емес», — делінген бюро мәліметінде.

Жалпы, жыл басынан қайта сатылымға түскен баспана 3,7 пайызға, бір жылда 0,7 пайызға арзандады.

Сонымен қатар жаңа баспана құны да түскен. Дегенмен, соншалықты көп емес – 0,1%. Қазір шаршы метрі 486,2 мың теңге шамасында.

Баспананың арзандауы 4 ірі қалада байқалды, яғни Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%) және Көкшетау (-0,9%) қалаларын атап өтуге болады.

Бұдан бөлек, баспананы жалға алу құны өскен. Шілдеде жалға алынған үйдегі шаршы метрдің құны 4,7 мың теңгені құрады, бұл оның алдындағы айдың деңгейінен 1,9 пайызға жоғары.

Жалға алу құны ең көп Қарағандыда өсті – 3,9%. Одан кейінгі орында Алматы – 3,1%. Бағаның көтерілуі Петропавлда (0,6%) және Шымкентте (0,1%) де байқалды. Қалған қалаларда, оның ішінде Астанада баға өзгерген жоқ.

Жыл басынан бері жалға алу ақысы 1,5 пайызға түскен. Алайда бір жыл қорытындысы бойынша оның құны 28,6 пайызға өсті.

Тағы оқыңыз: 50 ауылда су тарифі арзандады

 

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x