Қазақстанда автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптар жеңілдетіліп, электромобильдерге арналған тегін тұраққа рұқсат берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Ақорда тиісті заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойғанын жеткізді. 

«Мемлекет басшысы» Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,— делінген хабарламада.

Енді қазақстандықтар автобустарды 25 жастан емес, 23 жастан бастап жүргізе алады. Сондай-ақ жүргізу өтілі бес жылдан үш жылға дейін қысқартылды. Бұған себеп елімізде қоғамдық көлік саласында кадрлар тапшылығы бар.

Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптардың төмендеуі жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етпейтінін жеткізген еді.

«Бұл нормаға неге барғанымызды түсіндірер болсам, жолаушылар тасымалымен айналысатын бизнес өкілдері елде жүргізушілер тапшылығы көп деген мәселені көптен бері көтеріп келеді. Осы жағдайды талдай келе, Қазақстанда ЕАЭО-ның барлық елдерінің ең қатаң талаптары бар екенін түсіндік. Онда 21 жастан бастап жүргізушілерге рұқсат етіледі. Ал бізде 25 жастан бастап бес жылдық жүргізуші тәжірибесі болуы керек. Менің ойымша, мұны сәл төмендетсек жолаушылар мен тасымалдың қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етпейді»,– деп атап өтті ол.  

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласы әкімінің орынбасары жұмысынан кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x