Қазақстанда ауыл тұрғындары жиі ажырасатын болған

Сарапшылар Қазақстандағы неке мен ажырасу санын талдады. Былтырғыға қарағанда ажырасу да, қиылған некелер саны да азайды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, елімізде ауыл тұрғындары жиі ажыраса бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басынан елімізде 53,8 мың ерлі-зайыптының некесі тіркеліпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға аз. Алты айдағы ажырасулар саны 8,2 мыңға жеткен – бір жыл бұрынғыға қарағанда 9 пайызға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 6 мыңға дейін, ауылдарда –2,1 мыңға дейін қысқарды. Өңірлерді қарастырсақ, ең көп неке Алматыда тіркеліпті: 5,7 мың, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7 пайызға аз. Жаңадан отау құрғандардың үштігіне Түркістан облысы және Астана қаласы кіреді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркеліпті: 663. Тіркелген ажырасулар саны бойынша сол Алматы көш бастап тұр.
Енді әлемдік рейтингті қарастырып көрсек, Wisevoter ресурсы талдаушыларының деректері бойынша, Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемнің 114 елінің ішінде 16-орында тұр. Антирейтингте Қазақстаннан Ресей, Молдова , Беларусь және Украина жоғары тұр. Қырғызстанда, Әзербайжанда , Арменияда ажырасулар аз болыпты. Жалпы, ажырасулардың көпшілігі Мальдив аралдарында, ал ең азы Вьетнамда, Шри-Ланкада және Перуде тіркелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотта ақталып шыққан мас жүргізушіні прокурорлар жауапқа тартқызды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x