[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/alcohol-74274726-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Өткен жылы елімізде алкогольді сусындар сатылымы рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазақстандық дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және спирт сатылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Energyprom.kz ресурсы жүргізген сараптамаға сай, өсім негізінен арақ пен арақ-ликер өнімдерінің саудасы есебінен пайда болған (44,2 миллион литрден 90,1 миллион литрге дейін).

«Спирт сатылымы да өсті, бірақ салыстырмалы түрде көп емес: 29,3 млн литр (68,1% көбейген). Сондай-ақ, коньяк сатылымы да көбейді: 20,5 млн литрден 73,5% артқан. Күшті спирттік ішімдіктер сатылымы көбейгенде, басқа алкоголь түрлеріне айтарлықтай сұраныс болмаған. Былтыр шарап 26,9%, шампан — 28%, сыра — 1,9% аз сатылды», — делінген сараптамада.

Алкогольге деген сұраныстың осылай күрт артуының себебі де түсіндірілген. Яғни, елде қазақстандықтарға қарағанда көбірек ішетіндердің саны күрт көбейген. Оны Energyprom.kz ресурсы Қазақстанға екі толқынмен үдере көшкен ресейліктердің келуімен байланыстырады. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда екі есеге жуық көп ішеді (жан басына шаққанда).

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x