Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушылар қалай демалатыны белгілі болды

Министрлік мәліметінше, орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады, деп жазады Qazaqstan Media.

Бірінші тоқсанда балалар 8 апта оқиды.  Күзгі демалыс  28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

«Екінші тоқсанда оқу уақыты 8 аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ бірінші сынып оқушылары үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпан арасында, ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі демалыс  11 күн болады. Ол 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу апта.  25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Ойқала шағын ауданында табиғи апат зардабы жойылып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x