Полиция қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа тру туралы ескерту жасап жатыр. Халықты алдап, пайда тапқысы келетіндер енді, салық декларациясын сылтауратып қоңырау шалып, хабарлама жіберуге көшкен, деп жазады Qazaqstan Media.

Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырады және салық декларациясын уақытында тапсырмағанын айтады.

Олар азаматтардың шоттары бұғатталатынын айтып, «мәселені шешу» үшін үш күн ішінде әрекет ету керектігін жеткізеді. «Жеке тұлғаны растау» үшін SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша алаяқтар азаматтардың банк шоттарына қол жеткізіп, ақшаларын ұрлап алады.

«Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мұндай хабарламалармен азаматтарға қоңырау шалмайды және ешқашан растау кодтарын сұрамайды. Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, парольдерді, банк карталарының деректерін және басқа да жеке мәліметтерді айтпаңыз. Күдікті қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз», — дейді полицейлер.

Тағы оқыңыз: Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Шал ақын ауданынан 30 тоннадан артық өнім жеткізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *