Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс ұйымдастырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, деп жазады Qazaqstan Media.
Агенттік мәліметінше, 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылған.
Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құрылады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев «Росатом» салатын АЭС-ке атау беру үшін байқау жариялауды ұсынған еді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 17 жастағы оқушы ауласында асылып қалды