Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі 20 пайызға өсуі мүмкін

Қазақстандағы автожолдардың жағдайы үкіметте болған жиында қарастырылды. Әсіресе, республикалық маңызы бар ақылы жолдардың жағдайы жұртты алаңдатады. Өткен жылы одан 30 млрд теңге жиналған. Бірақ ол — аз. Жолдарды күтіп-ұстау үшін 80 млрд теңге қажет екен. Сондықтан тарифті өсіру жоспарда бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Үкіметте болған жиында  еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев автожолдарға қатысты жоспарлар мен проблемалар туралы айтты. Министрдің айтуынша, республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолды күтіп-ұстау үшін 80 млрд теңге қажет.

«Бюджетке салмақты азайту үшін ақылы жолдарды енгізу жалғасады. Қайта жаңартудан өткен жолдарды нормативтік деңгейде ұстау мақсатында ағымдағы жылы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 11 учаскіде төлемақыны кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда», — деді Қарабаев.

Бұл ретте қолданыстағы тарифтер 20% — ға көтерілуі мүмкін. Жалпы, Қазақстандағы ақылы жолдардың құны басқа елдермен салыстырғанда едәуір төмен екен. Өткен жылы ақылы жолдардан 30 млрд теңге жиналды. Жолдарда автоматты бақылау станциясының 220-сы орнатылады. 2024 жылы 12 мың шақырым жолды жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 10,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x