Астанада «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті өтті. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды білім мен зерттеулер жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл қадам саммитке қатысушы елдердің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатыны сөзсіз. Игі бастаманы ауқымды шараға қатысушы елдердің көшбасшылары бірден қолдады.

«Қазақстан білім беру инфрақұрылымын жасақтауға және жаңа технопарктер ашуға белсенді түрде кірісті. Осы орайда аспан асты елінің тәжірибесін қолданып зертханалар мен инженерлер академиясын ашқымыз келеді. Кәсіби мамандардың жаңа буыны өңірдің цифрлық, «жасыл», индустриялық трансформациясына түрткі болатын қозғаушы күшке айналады», деді Мемлекет басшысы.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын.
Тағы оқыңыз: Мәлік Отарбаев: СҚО ҚХА жұмысы жоғары бағаға лайық