Қазақстанда 15 жасқа толған жасөспірім пойызда жалғыз жүре алады

Қазақстанда балалар үшін пойызға  билет алу және отыру тәртібі өзгерді. Енді 15 жастан асқан балалар жалғыз өзі пойызбен жолға шыға алады, деп жазады Qazaqstan Media.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері балалардың пойызда жүру ережелерін түсіндірді.  Енді 15 жастан асқан балалар өзі сапарға аттануы үшін ата-анасының рұқсаты туралы нотариалды куәландырылған сенімхат болу керек. Жеткіншектерге билет ересек адамдармен бірдей бағада алынады. Ал 15 жасқа толмаған ұл-қыздар тек ересектермен бірге пойызға отыра алады.

«7 жасқа дейінгі балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды. Ал 7-15 жастағы жасөспірімдер билетіне жеңілдіктер бар. Олар билеттің жарты бағасын төлейді», — деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Сондай-ақ бір топ баланы пойызбен тасымалдаудың да өз ережесі бекітілген. Топтағы әр он балаға бір ересек адам жауапты болу керек. Олардың жанында бір медицина қызметкері болуы шарт.

Тағы оқыңыз: Дала өрті және суға шомылу маусымына дайындық: Жамбыл ауданында оқу-жаттығу жиындары өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x