Қазақстанда 1 маусымнан бастап магистратураға түсетіндерді тіркеу басталады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркеу басталады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тіркелу ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2024 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

«Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 13 шілдеде қолжетімді болады», – делінген хабарламада.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 17 жасар жігіттен бір келіден астам есірткі тәркіленді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x