Астана қаласында өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық шаралары басталды. Осыған байланысты еліміздің кейбір жолдарында уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Сонымен атар, әуе рейстерінің уақыты да өзгереді, деп жазады Qazaqstan Media.
Өзгерістердің болу мүмкіндігі туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Астана қаласында өтететін басты шеруге дайындық шаралары 13-ші наурыздан басталады. Осыған орай, жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарлануда. Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.
«Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Сол себепті, әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз», — деп хабарлады жауапты ведомство.
Қорғаныс министрлігі енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгіну керектігін ескертеді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда әйелдің өтінен тауық жұмыртқасындай тас алынды