Қазақстандық әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында пойызбен тегін қатынай алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады деп, жазады Qazaqstan Media.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін қатынай алады.

«Бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған»- деп жазылған хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тасымалдау экономикасы және есебі департаментінің бас менеджері Айнұр Базарбаева тегін жол жүру құқығы тек Қазақстан ішіндегі бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылатынын атап өтті. Сондай-ақ, аталған шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтеледі.

Тағы оқыңыз: Жасыл желекке залал қалай есептеледі: жаңа өзгерістер

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *