Қазақстанда әскери қызметке шақырылғандар саны артты

Қазақстанда міндетті әскери қызметке шақырылғандар саны артты. Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы мерзімді қызметтегі сарбаздарды запасқа шығару және азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер шақырылушылардың санын көбейтуге байланысты.

«Қаулыға сәйкес облыстар мен ірі қалалардың әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыруы тиіс. 18 бен 27 жас аралығындағы шақырылу құқығы мен босатылу мүмкіндігі жоқ 40 202 адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр. Шақыру екі кезеңде өтеді – наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін», –делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы мерзімді әскери қызметшілер саны 39 180  адамды құраған болатын. Қаулыға 26 қыркүйекте қол қойылды.  

Тағы оқыңыз: СҚО еріктілері телекөпір арқылы тәжірибе алмасты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x