Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі қайта өзгерді. Тиісті түзетулер Үкіметтің қаулысымен енгізілді. Құжатқа сәйкес, мерзімді әскери қызметке шақырудың нақты мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Енді жастар шақырту қағазын қай кезде келетінін, ал әскери бөлімдер қай уақытта жұмысын бастайтынын алдын ала біле алады. Мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет нақты белгіленген уақытта өтеді: 1 наурыздан 30 маусым және 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

Бұған дейін жас сарбаздарды жөнелту уақытына байланысты түсініспеушілік туындайтын. Енді бұл мәселе шешім тапты. Айта кетейік, бозбалаларғаи әскер қатарына шақыру тек қағаз түрінде ғана емес, электронды форматта да жолданады.

Жаңа заң жобасы көшеден немесе басқа қоғамдық орындардан азаматтарды мәжбүрлеп алып кетуге тыйым салады. Алайда шақырту алған азамат келмесе, жауапкершілік қарастырылған. Борышын өтеуден жалтарғандар төрт млн айыппұл төлеп, бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мерзімді әскери қызметке тек денсаулығы мықты, психологиялық және моральдық тұрғыдан жарамды, сотталмаған азаматтар алынады. Жауапты департаменттер бұл мәліметтерді денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жинайды.

Тағы оқыңыз: Петропавл мен Мамлюткада өсімдіктерді қорғауға заң бұзушылықтар тіркелді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *