2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда аудан және қала әкімдерінің халықты жұмыспен қамту саласындағы тиімділігін бағалау үшін жаңа KPI  жүйесі енгізіледі. Бұл бастама Үкіметтің халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді шараларының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Жаңа KPI жүйесі әкімдердің еңбек нарығындағы жағдайға тікелей жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Яғни, аудан және қала басшылары жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрақты жұмыс орындарын құру, халықты қайта оқыту мен еңбекке орналастыру сияқты көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында еңбек нарығының негізгі көрсеткіштерін орындауға міндеттелді.

Өңір әкімдеріне жұмыспен қамту жоспарларын қатаң бақылауға алу, әсіресе тұрақты жұмыс орындарын ашуға басымдық беру тапсырылды. Бұл ретте әрбір облыс өзінің нақты қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, жергілікті еңбек нарығын дамытуға мүдделі болуы тиіс.

Ұлттық экономика министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 2025–2027 жылдары іске асырылатын жобалар бойынша деректерді  қыркүйекке дейін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне орналастыруы тиіс. Бұл болашақтағы жұмыс орындарын алдын ала болжауға және жоспарлы түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: СҚО шөп дайындау бойынша алдыңғы қатарда тұр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *