Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы тағы өзгереді.  Ғылым және жоғары білім министрлігі мен халықаралық ETS ұйымы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) жаңарту жөнінде стратегиялық серіктестік бастады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Соңғы жиырма жылдан бері ҰБТ еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу жүйесінің басты құралы болып келеді. Енді бұл тест ETS ұйымының әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа форматта өтпек. Жаңартылған модель талапкерлердің тек академиялық білімін ғана емес, сонымен бірге өмір мен кәсіби ортада қажет негізгі дағдыларын да бағалайтын болады.

«Бұл әріптестік – Қазақстанның білім саласы үшін маңызды бетбұрыс. ETS ұйымының тәжірибесін енгізу арқылы біз жастарымызға жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Әділ әрі бәсекеге қабілетті қабылдау жүйесін қалыптастырамыз», — деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Жаңа модель бірнеше маңызды жаңашылдықты қамтиды:

  • тестілер өмірлік және кәсіби дағдыларды бағалайды;

  • икемді тест комбинациялары мен бірыңғай бағалау жүйесі енгізіледі;

  • барлық талапкерлер үшін өңірге, мектепке немесе оқыту тіліне тәуелсіз тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі;

  • бағалау процесінде жасанды интеллект, адаптивті тестілеу және интеллектуалды талдау қолданылады.

ETS – білім мен талантты дамыту саласындағы халықаралық ұйым. Ол TOEFL, GRE, TOEIC секілді әлемге танымал емтихандардың авторы. Ұйым жыл сайын 200-ден астам елде 50 миллионнан астам адамның білімін бағалайды.

Министрлік пен ETS жаңа форматтағы ҰБТ әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделіп жүзеге асатынын атап өтті. Барлық мүдделі тараптар алдағы өзгерістер туралы алдын ала хабардар етіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бір күнде екі өрт болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *