Қазақстанда қатерлі ісікті емдейтін дәрі сыналып жатыр

Қазақстан ғалымдары жасап шығарған онкологияға қарсы дәріні сынақтан өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Қатерлі ісіктің қалыптасуы орта есеппен 30 пайыз азайған. Бұл жайлы үкіметте өткен брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Бірінші кезеңдегі зерттеуге онкологияға шалдыққан 15 адам ерікті түрде қатысқан. Оларда тоқішек қатерлі ісігінің  төртінші сатысы анықталған.

Министрдің айтуынша, тестілеудің бірінші кезеңі сәтті өтіп, мамандар 1 шілдеде екінші кезеңді бастаған. Оған үш мыңға жуық адам қатысады.

Зерттеу тобының екінші кезеңді жүргізуіне шамамен 2 млрд теңге бөлінбек. Сынақ Астана, Алматы және Павлодарда өтеді деп жоспарланған.  Саясат Нұрбектің сөзінше, Қазақстан 2025 жылы дәріні ресми тіркеуі мүмкін.

«Екінші кезең жыл соңына дейін аяқталады, деректердің бәрін тексеретін боламыз. Бұл дәрі-дәрмекті келесі жылы тіркеуге шығарамыз деген сенімдеміз», – деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 40 мыңға жуық Қазақстан азаматына қатерлі ісік диагнозы қойылады, одан 13 мың адам қайтыс болады.  Егер бұл дәрі сынақ кезінде тиімділігін көрсетсе, онкологияны емдейтін әлемдегі бірегей дәрінің бірі болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда алдағы оқу жылында оқушылар қалай демалатыны белгілі болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x