Елімізде құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл Құрбан айт мерекесі алтыншы маусымға сәйкес келіп отыр. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қазақ елін айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырды.

«Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады», — дейді діни басқарма өкілдері.

Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS-хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

Жеке адам құрбандыққа қой мен ешкіні шалса болады. Ал ірі қара мен түйе малын бір немесе жеті адам бірігіп шалса болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жаңа басшы келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *