«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Уәлиханов ауданында үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Әр ауылды қамтыған тазалық акциясына мыңнан аса тұрғын ат салысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

1 мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күніне орай ауданда жаппай сенбілік өтті. Экологиялық акцияға қатысушылар Жеңіс саябағын, өзге де қоғамдық демалыс орындары мен көшелерді қоқыстан тазартты. Шараға  жастар, қоғам белсенділері, этномәдени орталық өкілдері және түрлі мекеме мамандары мен туған жеріне бей-жай қарамайтын тұрғындар, жалпы 1000-нан астам адам белсенді қатысты.

Сенбілік барысында көгалдандыру жұмыстары да қатар жүргізілді. Ауданда 250 жас тал  егілді. Оның ішінде қайың, терек, қарақат, шие және таңқурай көшеттері бар.

Тағы оқыңыз: Жамбылдықтар мереке күні жаппай сенбілікке шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *