Қазақстан су тасқынын болжауға 576 млн теңге бөлді

Қазақстан үкіметі батиметриялық зерттеулер жүргізуге резервтен 576 млн теңге бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қаражат су тасқыны кезінде берілген Президент тапсырмасы аясында бөлінді. Ақша су ресурстары және ирригация министрлігіне беріледі. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге бағытталатын болады. Атап айтқанда, қаражатты «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су метрология» филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарлануда.

Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Алынған деректер Қазақстан Республикасы  цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға жіберіледі. Онда су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Дүниежүзлілік көшпенділер ойынының жабылуы көрерменсіз өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x