Биылғы жаңажылдық безендіру науқаны бойынша рекорд иесі біреу ғана, ол Алматы қаласы. Оңтүстік астана кемінде 793,3 миллион теңге бөліп, елдегі ең масштабты мерекелік жобаны іске қосып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі egemen.kz сілтеме жасап.

Ең қымбат өңірлер

Алматыда 400-ден аса архитектуралық форма, 2230 шамдық кронштейн, 2320-дан астам жарықтандырылған ағаш, 60-қа жуық көпір мен өткел мерекелік кейіпке енеді.

Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді. Мысалы, былтыр қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 миллион теңге бөлген. Ал осы жылы шығынды есе қысқартса да, кең көлемде жаңа жылға дайындалып жатыр.

Астананың ішкі саясат басқармасы тұрғындарға арналған көптеген тегін ойын-сауық нысандарын жоспарлаған. Мұз айдындары, шағын төбешіктер, фотозоналардың бәрі қолжетімді болады. 2024 жылы сатып алынған әшекейлерді қайта қолданалып, алты ауданына бөлінген бюджет 365 миллион теңге болып отыр. 

Ал Шымкент қаласы биыл жаңа жылдық сән-салтанатқа 100 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 80 миллион теңге еді.

«Бұрынғы декорациялар қайта қолданылады, әр аудан және орталық алаң безендіріледі» ,-деді  қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 

Ал Шығыс Қазақстан облысында мерекеден үнемдемеуді жөн көрген сияқты. Биыл мұнда мерекеге 140 миллион теңге жұмсамақ. 

Маңғыстау облысында мерекелік безендіруге шамамен 80 млн теңге бөлінеді. 

Жетісу облысы (Талдықорған) 2 қала мен 8 ауданға жаңа жылдық безендіру мен іс-шараларға 60 миллион теңге жұмсайды. 

Ақмола облысының орталығы Көкшетауда биыл 55,4 миллион теңгеге безендіріліп қана қоймай, 31 желтоқсанда Қайрат Нұртастың үлкен концерті өтеді. Барлық безендіру қаланың дизайн-кодына сәйкес жасалып, бірыңғай визуалды стиль қамтамасыз етіледі. 

Павлодар облысында 2025 жылғы Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін 3 қала мен 10 ауданға 50,8 миллион теңге бөлінген. 

Сонымен қатар Жамбыл облысында жалпы облыста мерекелік жаңа жылдық безендіру жұмыстары негізінен демеушілер тарапынан жүргізіледі.  Бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 36,9 миллион теңге.

Атырау облысының әкімдігі Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға арналған қаржыны ресми түрде бекітті. Жалпы Атырау қаласы 34,4 миллион теңгеге шығындалмақ.

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы 28 миллион теңгеге орталық саябақ пен негізгі көшелерді безендіреді. Сонымен қатар «Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауы ұйымдастырылады.

Ұлытау облысы биыл 22 миллион теңгемен мерекені қарсы алады. Орталық алаң мен қала көшелері шамдармен безендіріледі.

Ал Батыс Қазақстан облысында әкім Нариман Төреғалиев биыл жаңа жылдық шығындарға тек 11 миллион теңге бөлінетінін жеткізді. 

«Өңірде бірнеше жылдан бері бір шыршаны пайдаланып келеміз, Оны жыл сайын әрлеп, келесі маусымға дейін сақтаймыз»,-деді облыс әкімі. 

Қазақстанның бірқатар облысында жаңа жылға бір тиын да бөлінбейді. 

Бюджеттен бір теңге бөлмейтін өңірлер:

  • Абай облысы (Семей)
  • Ақтөбе облысы
  • Қызылорда облысы
  • Түркістан облысы
  • Қостанай облысы

Бұл өңірлер өткен жылдардағы декорацияларды пайдаланып, артық шығыннан бас тартқан. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдық безендіруге жеке бюджет қарастырылмаған. Бәрі үшжылдық жоспар аясында, бұрынғы элементтерді пайдалану арқылы жасалады.

Осылайша, жалпы, Қазақстан бойынша жаңа жылдық безендіруге 1 776,8 миллион теңге жұмсалады.

Тағы оқыңыз: Қияр мен қызанақ қымбаттамас үшін Үкімет «жасыл дәліздер» ашпақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *