Қазақстан әкімдерді сайлаудың жаңа жүйесі іске қосылады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана сайланады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келетін болады. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілген еді. Содан бері,  2,5 мыңға жуық әкім сайланыпты.  Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз.Ал,  былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлай бастады.  Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен қызметке келді.

«Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды.

Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай яғни, ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x