Қазақстанға жеті жылдан асқан автокөліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанға шыққанына 7 жылдан асқан ескі көліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін. Утиль алымды қоғамдық талқылау кезінде осындай ұсыныс айтылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге жеті жылдан асқан автөліктерді одақ аумағына әкелуге тыйым салу туралы ұсыныс жасамақ. Бұл туралы утиль алымы жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев айтты.

«Жұмыс тобының қатысушылары жеті жылдан асқан көліктерді елге әкелуді шектеуді ұсынды. Біз бұған қарсы емеспіз. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдарды енгізуге тырысамыз. Егер бес ел де бірауыздан бізді қолдаса, одақ аумағына мұндай автокөліктер кіргізілмейді. Бұл мәселені пысықтау міндетін біз өз мойнымызға аламыз», — деді Бектібаев.

Естеріңізге сала кетейік, утиль алымын алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойғаннан кейін, петиция үкімет деңгейінде қарау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды. 15-ші шілдеде Алматыда петицияның қоғамдық тыңдауы өтті.

Тағы оқыңыз: 17 шілдеде Қазақстанда теледидар мен радио уақытша жұмыс істемейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x