Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын импорттауға уақытша тыйым енгізілді. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен қабылданды, деп жазады Qazaqstan Media.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап бір ай мерзімге үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынды.
Сонымен қатар, бұл шектеу:
-
Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларын транзитпен тасымалдауға;
-
ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мемлекетке Қазақстан арқылы өткізуге қолданылмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тағамдық жұмыртқа импортына енгізілген уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған.
Бұйрық ресми түрде 2025 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды

