Қазақстанда «Салауатты жаз – 2025» жыл сайынғы профилактикалық науқаны басталды. Ол жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған, деп жазады Qazaqstan Media.

Бағдарлама бүкіл жазғы маусымды қамтиды. Оның аясында  медициналық қарап-тексерулерді, білім беру акцияларын, мектептің медицина қызметкерлерін оқытуды және басқа да іс-шаралар болады.

«Науқан шеңберінде өңірлерге және ауылдық елді мекендерге жылжымалы медициналық кешендер шығады. Олардың құрамында педиатрлар, офтальмологтар, стоматологтар, хирургтар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, негізгі кезеңде олардан өтпеген балалар үшін қосымша қарап-тексерулер жоспарланған»,- деп хабарлады ҚР ДСМ.

Ал медициналық ұйымдарда «Ашық есік күндері» және «Өз денсаулығыңды тексер» акциялары өткізілетін болады.

Созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылмақ. Сонымен қатар, тамыз айында оқу жылы қарсаңында мектептің медицина қызметкерлерін – алғашқы көмек көрсету, тамақтануды ұйымдастыру және балаларды психологиялық қолдау бойынша оқыту басталады.

Тағы оқыңыз: Бейбіт Исманов Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *