Қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайды – заң

Кеше, яғни 16 мамыр күні  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Заңда Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған.

Сонымен қатар, жаңа заңға сай енді үкімет белгілеген өңірлерге қоныс аударған қазақстандықтар егін шаруашылығы үшін жер телімдерін ала алады. Қоныс аударылғандар мен олардың отбасы мүшелеріне қаржылай көмек көрсетіледі: қоныс аударуға субсидиялар, жалға алу шығындарын өтеу, коммуналдық төлемдер, экономикалық ұтқырлық сертификаттары беріледі.

Заңнамада Қазақстан азаматтығына қабылдаудан бас тартудың және қалпына келтірудің жаңа негіздері енгізілген.

Сондай-ақ көп мәртелік инвестор визасы және сұранысы жоғары мамандық иелеріне арналған виза енгізілді. Бұл визалар Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын береді.

Тағы оқыңыз:Петропавлда су басқан бір үйді жөндеуге шамамен жеті млн теңге қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x