[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/snimok.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері №4 орта мектебінде сыныптастарын жарақаттаған оқушының психологиялық жағдайына байланысты  неліктен үйден оқымағанын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандар еліміздің «Білім туралы» Заңында әрбір адам зияткерлік дамуына, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің бүкіл деңгейіне қол жеткізуге құқылы екенін қаперге салды.

«Психологиялық және іс-әрекеттегі ауытқулар үйден оқу қарастырылған аурулар тізіміне енгізілген (ҚР ДСМ-34 бұйрығы). Сонымен бірге, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, оқушының ата-анасы білім мекемесіне дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын ұсынбаған», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Сонымен қатар, мамандар баланың ауруы бар-жоғы анықталған кезде оны үйде оқытуға дәрігерлік-консультативтік комиссия жіберетіні, бұл норма «Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі №34 бұйрығында көзделгені айтылғанын хабарлады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x