Бүгінгі ұрпақ — өзгерістер дәуірінің балалары. Олар жаһандағы құбылыстарға тез бейімделеді, жаңа мүмкіндікті пайдалана алады. Құрылтайда Мемлекет басшысы жастарға сенетінін жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Соның ішінде жасанды интеллект — олардың қолындағы қуатты құрал. Құрылтайда осылай деген Мемлекет басшысы ұл-қыздарымыздың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенетінін жеткізді. Алқалы жиында қабылданған шешімдер жастардың өсіп-өркендеуіне тың серпін беретінін айтты.

«Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда. Дарынды ұл-қыздарымыздың ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, жаһан жұртына танытуы — зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз оларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жастар — еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Президент әсіресе ұл-қыздарымызға сапалы білім беріп, жұмысқа орналастыру қажеттігін айтты. Мемлекет тарапынан былтыр 77 мыңнан астам оқу гранты бөлінді. Бұл 2024 жылға қарағанда 5 пайызға көп. Қозыбаев университетінің Студенттік үкімет төрағасы Асанәлі Жанатұлы құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдайды. Оны жүзеге асыру бағытында тынымсыз еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

«21-ші ғасырды жасанды интеллектісіз елестету мүмкін емес. Біз заман игілігін пайдаға жаратып, елдің дамуына сүбелі үлес қосуымыз қажет. Мемлекет тарапынан жастарға зор қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл — біз үшін зор мүмкіндік», — деді Қозыбаев университетінің Студенттік үкімет төрағасы Асанәлі Жанатұлы.

«Ел боламын десең, бесігінді түзе» деп Мұхтар Әуезов тегіннен тегін айтпаған. Бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Осының бәрі алдағы уақытта оң өзгерістерге жол ашатынына сенім мол.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әлеуметтік нысандардың басшылары антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін жауапқа тартылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *