Мемлекет азаматтардың ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамай, бәріне бірдей әділ әрі тең жағдай жасайды. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы. Оны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады Qazaqstan Media.

 Қазақстанда адамдарды ұлтына, тіліне және дініне қатысты кемсітуге жол берілмей келеді. Әрі болашақта да мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес. Бұл туралы мемлекет басшысы ерекше атап өтті. Елімізі популистік және асығыс шешімдерден аулақ болған. Нақты жағдайларға қарап, байыпты саясатты ұстанып келеді.  Бұл, ең алдымен, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде мәртебесін бекіту мәселесіне тікелей байланысты,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Отаншылдық, азаматшылдық, өзара сенім мен жауапкершілік – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірегей болмысын айқындайтын құндылықтар. Қазақ жерінде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыта алады. Оған қажетті барлық жағдай жасалған. Біз біреуге еліктеп, жан-жағымызға жалтақтаған емеспіз. Ең бастысы, ұлтаралық қатынастар саласында озық әдіс-тәсілдерді қолданып, тек алға қарай жүрдік, болашақта да солай болу керек. Соның арқасында біздің елімізде қалыптасқан қоғамдық келісім үлгісі шын мәнінде біздің халықаралық «брендімізге», беткеұстар жетістігімізге айналды»,-деді өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында  Ұлттық кітап күнінде танымды әдеби жиын өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *