1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ресми құттықтау жолдады, деп жазады Qazaqstan Media.

Президент бұл мейрамның еліміз үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, Қазақстанның кең байтақ жерінде сан түрлі этнос өкілдері өзара келісім мен татулықта өмір сүріп жатқанын айтты.

«Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында болашаққа сеніммен қадам басып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанын еске салған Президент, осы ұйымның еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың жаршысына айналғанын және оның ұлтты ұйыстырудағы елеулі рөлін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында ел бірлігінің арқасында қолға алынған реформалардың табысты жүзеге асып жатқанын тілге тиек етіп, халықты әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құруға шақырды.

«Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!» – деп түйіндеді Президент өз құттықтауын.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Большая Малышка ауылындағы су тасқыны бақылауда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *