Латын әліпбиіне көшу мәселесінде асығыстық танытуға болмайды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Шынымен де, «шаш ал десе, бас алатын» кейбір пысықайлар латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме басталғанда-ақ, көше атауларын, жарнамаларды, маңдайшаларды да ауыстырып тастаған болатын. Бірақ оларда өріп жүрген қателіктерге ешкім назар да аударып жатқан жоқ. Мұны Президент те айтты.
“Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы да қателесуге құқымыз жоқ. Бір мысал келтірейін… Кириллицада көптеген сөзде «ы» деген әріп бар. Мысалы, «ырымшыл» деген сөзде үш «ы». Біз оны автоматты түрде «у» деп жазатын болдық. Сонда «ырымшыл» деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады?», — деді ол.
Тағы оқыңыз: 60 жасар уәлихандық гір көтеруден Қазақстан чемпионы атанды