Петропавлда 2025 жылдың соңында ескі тұрмыстық қалдықтар полгионы жабылады. Бұл туралы Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желіде өткен тікелей эифрде айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
1-ші тамыз күні Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, қала тұрғындары мен тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Шаһар басшысымен болған ашық әңгіме Qazaqstan Media сайтының Instagram парақшасында да көрсетілді. Тікелей эфир барысында
қоқыс шығару және қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жайында да сөз қозғалды. Облыс орталығында қоқыс төгу барысында тұрғындардың кейбірі тазалықты сақтамайды. Қоқыс жәшіктердің маңына үлкен көлемді қалдықтарды, ескі жиһаздарын шығарып тастайды. Осылайша, қаланың көркін бұзады.
«Қаладағы тазалақты бірлесе сақтауымыз керек. Бізде «Тазалық» бағадарламасы қабылданды. Оның аясында біз заңсыз қоқыс шығарып, төгетін жандармен күресеміз. Алдымен, барынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Кейін айыппұл салатын боламыз»,- деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар Серік Мұхамедиев қала сыртындағы қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигон жайында да айтып кетті. 2025 жылдың соңында ол толық жабылады.
«Жаңа полигонға жер таңдап қойдық. Оған қоса, сол жерде жергілікті кәсіпкер Шарапаев мырза қоқысты қайта өңдейтін жобаны іске асырмақ. Яғни, жаңа полигонда қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуден өтеді»,- деп нақтылады қала әкімі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері желшешек ауруының 700-ден астам жағдайы тіркелді