Құрметті азаматтар қатары көбейеді. Петропавл күніне орай тағы үш жерлесіміз осы атаққа ие болмақ. Бұл туралы қалалық мәслихаттың сессиясында айтылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен XXIV сессиясында төрт мәселе қаралды. Ең алдымен депутаттар «Құрметті азамат» атағына лайықты азаматтарды таңдады. Олардың қатарында өңірімізге ғана емес бүкіл елге танымал профессор, астрофизик Андрей Солодовник, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді қажы Кенжеғозинов және еңбек ардагері Сара Тасеменова бар.

«Аты аталған жандар — жалғыз шаһардың ғана емес, өңіріміздің дамуына зор үлес қосқан. Олар осы уақытқа дейін жұмыс істеп, қоғамдық шараларға белсене қатысады. Бұл азаматтардың жүріп өткен жолы жастарға үлгі», — деді қала әкімі аппаратының басшысы Ольга Абдрахманова.

Қала күніне орай үш жерлесімізге Петропавл қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріледі

Бұл ұсынысты қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьев бірден қолдады. Ол әсіресе бұл атаққа Андрей Солодовник лайықты деп санайды.

«Андрей Солодовниктің арқасында біз аспан әлемінде болып жатқан құбылыстарды білеміз. Ол — Петропавлды толықтай зерттеген жан. Тіпті, осыдан 280 жыл бұрын Петропавлда болған ауа райы жайлы халыққа мол ақпарат ұсынған. Одан қалды, жүздеген астрофизикті тәрбиелеген», — деді қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьев.

Қала күніне орай үш жерлесімізге Петропавл қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріледі

Тағы оқыңыз: Петропавлға есірткі жеткізбек болған елорда тұрғыны ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *