13-14 шілде күндері Петропавл қаласының 272 жылдығы тойланады. Бұл күні шаһарымыздың бас алаңында эстрада жұлдыздары Гүлмира Ісбасханова мен  Артур Давлетьяровтың қатысуымен «Сүйікті қалам» гала концерті өтеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

13 шілде күні Петропавлдың бас алаңында сағат 14:00 ден 17:00-ге дейін III халықаралық «юQyzyljar Music Fest фестивалі би өнері концерті өтеді. Іс-шарада жергілікті танымал «Әдемау», «Мәңгілік» , Sensіtive сынды би ұжымдары өнер көрсететін болады.

Ал кешкі 19:00 ден 22:00-ге дейін Qyzyljar Music Fest III Халықаралық фестивалінің классикалық музыка кеші өтпек. Концертте жергілікті өнерпаздармен қатар Астана қаласынан келген Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, Мәскеулік классикалық музыка және симфониялық рок орындаушысы Денис Шаповалов, Аргентинадан келген Ivanna Speranza мен Италиядан келген David Piaggio опера әншілері өнер көрсететін болады.

Ал 14 шілдеге арналған концерттік бағдарлама ауқымды. Бұл күні мерекелік іс-шаралар орталық алаңда таңғы 10:30-дан басталмақ.

«Орталық алаңда 10:30-дан 14:00-ге дейін «Мой любимый город» интерактивті алаңы ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар осы уақытта барлық жастағы балаларға арналған  «Город детства» бағдарламасы да өтеді. Бұл күні Петропавлдың кішкентай ханшайымын да анықтайтын боламыз. Өлкетану мұражайының ауласындағы өнер орталығында 10.00 -14:00 аралығында «О тебе, мой любимый город» әдеби қонақ бөлмесі. Қала жазушыларының қатысуымен поэзия әуесқойларына арналған бағдарлама ұйымдастырылады», — делінген Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі харатқан хабарламады.

14 шілде күні Мещан орманындағы саябақта сағат 11:00-12:30 аралығында «Арман қала» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Ал «Бірлік» ықшам ауданының тұрғындарына «Шуақты қала», «Береке» ықшам ауданында «Жаса, жайна ару қалам»  концерттік бағдарламалары өтеді.

Ал Петропавлдың бас алаңында қала күніне арналған мерекелік концерттер 18.00-ден басталады. Кешкі сағат 19.00 -20.30 ​аралығында «Сүйікті қалам» атты гала-концертінің салтанатты ашылуы өтеді. Іс-шарада ҚР эстрада жұлдыздары     Гүлмира Ісбасханова мен Артур Давлетьяров өнер көрсететін болады.

Қала күні: Domino, Гүлмира Ісбасханова мен Артур Давлетьяров петропавлдықтар үшін өнер көрсетеді Қала күні: Domino, Гүлмира Ісбасханова мен Артур Давлетьяров петропавлдықтар үшін өнер көрсетеді

Бұл күні Пестрый көлі маңындағы «Солтүстік жұлдызы» саябағында да мерекелік концерт ұйымдастырылатын болады. Сағат 16.00 – 19.00 аралығында әуесқой командалар арасындағы қалалық жағажай волейбол турнирі және жағажай футбол жарысы өтеді. Ал 16.00-22.00 аралығында «Жас қала» бояу шоуы ұйымдастырылып, шаһар тұрғындары үшін Domino тобы өнер көрсететін болады.

Тағы оқыңыз:Петропавл тұрғыны үйінде бірнеше қаруды заңсыз сақтап келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x