Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімді екенін айтты. Бұл туралы президент ҚХА ХХХІІІ сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сессия барысында тіл мәртебесі де қозғалды. Президент тіл мәселесіне келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет екенін тілге тиек етті. Және елімізде қазақ тілін насихаттап жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

Бүгіндері өңірде қазақ тілін үйренемін деген өзге ұлт өкілдерінің қатары артқан. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесі артқандығын көрсетеді дейді облыстық ҚХА мүшесі Сәлімхан Сәбитов.

«Қазір ана тіліміздің мәртебесін  көтеру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Тіпті, өзге ұлт өкілдері де қазақ тіліне қызығушылық танытуда. Бұл дегеніміз біздің тіліміздің мәртебесі жоғарылап жатыр деген сөз. Жалпы балаларымыздың бойына кішкентайынан әліпбиімізді үйретіп өсіру керек. Бұл біздің қолымызда», — дейді облыстық ҚХА мүшесі Сәлімхан Сәбитов.

Тағы оқыңыз:СҚО әкімі тасқыннан зардап шеккендер орналастырылған жатақханаға барды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x