Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Құрылтай депутаттарын өкілеттігінен айыруға негіз болатын жағдайларды атады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оның айтуынша, депутат бірқатар нақты себептер бойынша мандатынан айырылуы мүмкін.

«Құрылтай депутаты Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетсе, оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса, сондай-ақ оны сайлаған саяси партия қатарынан шықса немесе шығарылса, не сол партияның қызметі тоқтатылса – депутаттықтан айыру туралы норма ұсынылып отыр», – деді Нұрлан Бекназаров.

Сондай-ақ, сенатор депутаттарды ерекше құқықтан айыру құзыреті бұрынғыша Орталық сайлау комиссиясының құзыретінде қалатынын айтты.

«Депутаттарға қатысты тәртіптік шара қолдану, депутаттық этика талаптарының сақталуын бақылау, сондай-ақ оларды өкілеттігінен және депутатқа тиіспеушіліктен айыру мәселелерін қарау өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында қалады», – деді ол.

Бұдан бөлек, ұсынылған өзгерістерге сәйкес, Құрылтай Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, конституциялық заңдарды қабылдайды.

Айта кетейік, аталған нормалардың барлығы әзірге ұсыныс деңгейінде. Қай өзгерістер қабылданып, қайсысы қабылданбайтынын алдағы референдум қорытындысы көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Президенттің кадрлық өкілеттігін кеңейту ұсынылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *