СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қыз-келіншектер үшін шығармашылық байқау ұйымдастырды. Оған қатысушылар әлеуметтік жоба дайындап, өз талантын қазылар алқасына паш ету керек. Конкурсқа Уәлиханов ауданы аналар кеңесінің төрағасы Күләш Егімбаева да қатысуда. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеу туралы көзқарасын Qazaqstan Мedia тілшісіне айтып берді.
Аталмыш байқауды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Сондықтан болар, көптеген қыз-келіншектер үшін мұндай шараға қатысу таңсық емес. Олар өз ауданындағы аналар кеңесінің намысын қорғауы керек. Сондықтан қатысушылардың кейбірі қобалжып тұрғандығын жасырмады. Конкурсанттар қазылар алқасына отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу және сақтау мәселелері бойынша идеялары мен жобаларын таныстыруы және шығармашылық қабілеттерін көрсету тиіс.

Байқауға шалғайда жатқан Уәлиханов ауданының намысын қорғау үшін Күләш Егімбаева келген. Ол аудандағы аналар кеңесін бірнеше жылдан бері басқарып келеді. Оның құрамына 10 ана кіреді. Ол ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді сақтау арқылы жастарды тәрбиелеу керек дейді.
«Біздің міндетіміз – өскелең ұрпақты ұлттық мәдениет арқылы тәрбиелеу. Дәстүрлермен әдет-ғұрыптар арқылы отбасылық құндылықтарды сіңіру. Әрине, әлем өзгеруде, сондықтан қазіргі қоғамға бейімделу қажет. Дегенмен, ұлтына қарамастан әр отбасында ұрпақтар сабақтастығы маңызды рөл атқарады. Барлығы отбасыдан басталады. Сондықтан құндылықтар жоғалған кезде отбасын сақтап қалу мүмкін емес», — деп атап өтті Күләш Егімбаева.
Бала тәрбиесіне жалғыз ата-ана не мектеп қана жауапты емес. «Отбасы-мектеп-қоғам» осы үшеуі баланы тәрбиелейді. Сондықтан бірлесе жұмыс жасау қажет. Бұл Күләш Егімбаеваның пікірі. Олар ауданда өтетін көптеген іс-шараларды оқу орындарында ұйымдастырады. Мысалы, жақында оқушылармен бірге буллинг мәселесін талқылаған.
«Әр мектеп тақырыптық қойылымдар дайындады. Сахна төрінде олар буллингтің не екенін және балалар одан қалай зардап шегетінін айтты. Қатысушылар оның алдын алу үшін не істеу керектігін көрсетті», — Уәлиханов ауданы аналар кеңесінің төрағасы Күләш Егімбаева.
Келіншек мұндай әлеуметтік құбылысты отбасынан шыққан жылулықтың көмегімен жоюға болады деп сенеді.
«Бізде үлпершек деген ас бар. Ол қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамының бірі. Ол кез келген малдың жүрегінен дайындалады. Оны қазақтар ұзатылып кеткен қызы төркініне келгенде дайындаған. Осылайша, олар өздерінің қызына деген сағынышын, махаббатын көрсеткен. Тағамды дастарханға ұсынғанда қыз бала да отбасының оған деген сүйіспеншілігін айтқызбай-ақ түсініп отырған», — дейді Күләш.
Әйелдің өзі бұл тағамды қызына дайындаған. Айта кетейік, Күләш Егімбаеваның үш баласы бар. Тағы екі баланы ол асырап алған.
«Інім мен келінім ерте қайтыс болды. Олардың 11және9жастағы екі баласы жетім қалды. Оларды жетімдер үйіне өткізбей, өз қолыма алдым. Қазір олар есейді», — дейді келіншек.
Күләш Егімбаеваның төрт немересі бар. Олардың әрқайсысының болашағы үшін әже жүрегі әрқашан алаңдайды. Сондықтан да шығармашылық байқауға ол Шыңғыс Айтматовтың «Ана – жер ана» шығармасын дайындаған. Ол Толғанайдың әсерлі монологынан үзінді оқып берді.
«Толғанай соғыста үш ұлы мен күйеуінен айырылды. Мен бұл үзіндіні Жеңістің 40 жылдығына арналған байқауда оқып едім. Биыл Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тағы оқып беруді жөн көрдім», — дейді Күләш Егімбаева.
Жасы 65-те болса да, Күлаш Егімбаева қол қусырып отырмайды. Кітапханашының негізгі жұмысынан бөлек, тоқу үйірмесін де жүргізеді. Басқа әйелдермен бірге ол қыздарға тоқуды үйретеді. Сондай-ақ, тақия мен алжапқыштарды тігеді.
Байқаудың қорытындысы бойынша Күләш Егімбаева «Табысты бастама» номинациясында бірінші орынды иеленді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті