«Құлагер» хоккей клубы ел чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы жергілікті имек таяқ шеберлері атыраулық «Бейбарыстан» басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кездесу тартысқа толы болды. Бірінші және екінші периодта қарсыластар бір-бірінің осал тұстарын аңдумен болды. Сол себепті есеп ашылмады. Үшінші кезеңге жаңа тактика құрған теріскейліктер қарсылас қақпасына жауапсыз екі шайба соқты . Есеп – 0 де 2.

Айта кету керек, ел чемпионатында теріскейлік хоккейшілер 46 ойында 26 рет жеңіске жетті. Қазіргі таңда 60 ұпайпен турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Осы ретте қуанышты жаңалықпен бөлісейік, “Құлагер” хоккей клубы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Бұл – былтыр сүреңсіз өнер көрсеткен жергілікті имек таяқ шеберлері үшін жоғары нәтиже.

Тағы оқыңыз: Нәресте сүйгісі келетіндерге қолдау: перинаталдық орталықта консультативтік қабылдау жүріп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *