Былтыр сүреңсіз өткізіп, даудан басы арылмаған «Құлагер» хоккей клубы маусымды жеңіспен бастады. Петропавлдық ұжым павлодарлық «Ертістен» басым түсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлдық «Құлагер» хоккей клубы маусымдағы алғашқы ойынын өткізді. Команда өз алаңында павлодарлық «Ертісті» қабылдады. Трибуна жанкүйерлерге лық толы болды.
Бірінші период тең дәрежеде өтті. Корттың әр бұрышында шайбаға талас жүргізілді. Есеп — бірде де бір.
Екінші кезеңнен бастап алаң иелері қарсылас қақпасын шабуылды қарша боратты. Бірінен соң бірі жауапсыз төрт шайба соқты. Нәтижесінде ойын бес те бір есебімен құлагерліктердің пайдасына шешілді.
Жергілікті команда келесі ойынын бүгін дәл осы құрамамен өткізеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да балық аулауға барған үш бала көлге батып кете жаздады